СӘУЛЕ ЖҮСІПБЕКОВА, Директор, компаньон, ҚР Патенттік сенім білдірілген өкілі

«Зияткерлік меншік құқығы олардың иесіне құқығын тану мен игілік әкелуі тиіс» 


Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, біліктілігі: заңгер;

Ресей Мемлекеттік зияткерлік меншік академиясы (РМЗМА) (2006-2008);

РМЗМА, аспирантура (2008-2011);

2002 жылдан бастап зияткерлік меншік саласында қызмет

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының бас маманы (2002-2004);

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары (2004-10. 2005);

Еуразиялық патенттік ұйымның Еуразиялық патенттік ведомствосының сараптама басқармасының жетекші сарапшысы (10.2005-10.09.2012);

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары (16.08 2012 — 10.09.2015);

Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілі (№ 180 тіркеу, 2018 жыл 13 маусым)

Зияткерлік меншік саласындағы заңнама компонентінің «Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік саласындағы нормаларды жетілдіру» атты Дүниежүзілік Банктің халықаралық жобасының шешуші сарапшысы (2018 жылдың наурызынан қазірге дейін)

«ASTANAPATENT» ЖШС патенттік сенім білдірілген өкілдер компаниясы (2020 жылдың 5 ақпанынан бастап)

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дәріскер

Марапаттары мен сертификаттары: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық марапаттары және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының, Дүниежүзілік кәсіпкерлер мен өнертапқыштардың әйелдер қауымдастығының, шетелдік патенттік ведомстволардың халықаралық сертификаттары бар.