АЛМА ТОЛЕУХАНОВА, ҚР Патенттік сенім білдірілген өкілі, селекциялық жетістіктер және биотехнологиялар бойынша сарапшы
«Ауыл шаруашылығының инновациялық өнімдерін нарыққа жылжыту оны зияткерлік меншік объектісі ретінде міндетті түрде қорғауды талап етеді»
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты, біліктілігі: географ — биолог(1975-1980);
Еуразия гуманитарлық институты (2000-2002), біліктілігі: заңгер
2000 жылдан бастап зияткерлік меншік саласында қызмет
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Авторлық құқық жөніндегі комитеті, Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті бас маманы (06.2000 ж .– 08.2004 ж. ж.):
ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы комитетінің өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, селекциялық жетістіктерге және интегралдық микросхемалар топологиясына құқықтарды қорғау бөлімінің бастығы (08.2004 ж. – 06.2008 ж.)
ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқығы комитеті Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының бас сарапшысы (06.2008 ж. — 02. 2015 ж.)
ҚР ӘМ Ұлттық зияткерлік меншік институты РМК өнертабыстарды, пайдалы модельдерді және селекциялық жетістіктерді формальды сараптау басқармасының бас маманы (02. 2015 ж. — 01. 2016 ж.)
ҚР ӘМ Ұлттық зияткерлік меншік институты РМК өнертабыстарды, пайдалы модельдерді және селекциялық жетістіктерді формальды сараптау басқармасының бас сарапшысы (01. 2016 ж. — 09.2017 ж. дейін)
2020 жылдың ақпанынан бастап «ASTANAPATENT» ЖШС патенттік сенім білдірілген өкілдері компаниясы: сарапшы
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша дәріскер
Марапаттары мен сертификаттары: Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық марапаттары және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының, Еуропалық патенттік ұйымның (ЕПО),Еуразиялық патенттік ұйымның (ЕАПО), шетелдік патенттік ведомстволардың халықаралық сертификаттары бар.